Рахим Ошақбаевпен кездесу өтті

931

 ҚР Ақпарат және  қоғамдық  даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды  қолдау  орталығы» КЕАҚ-ның  мемлекеттік қолдауы аясында «Жігер.Абырой. Сана» қоғамдық  қоры қолдауымен жастармен ашық  кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Осы жобаның  аясында  Астана гуманитарлық  колледжінің студенттері Рахим Ошақбаевпен кездесті. Рахим Ошақбаев – «Talap» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры.  Кездесу ашық сұхбатқа құрылды. Рахим Ошақбаев  өзінің  өмір жолы, тәжірибесімен бөлісті.  Маңызды деген  тақырыптарға тоқталып, жан-жақты мәліметтер айтылды. Тұлға ретінде даму, қалыптасу туралы  сөз болды. Кездесудің екінші  бөлігінде  студенттер  өз  сұрақтарын қоюға мүмкіндік  алды. 1 сағаттан  аса  уақытқа созылған  кездесу студенттер үшін  пайдалы болды. Олар  түрлі ақпараттарға қанығып, жаңа дүниелермен танысты.