Талдықорғанда жаңа балабақша ашылды

1257

Астана күні мерекесіне орай Талдықорғанда 50 орындық жаңа балабақша ашылды. Мектепке дейінгі мекемеде балаларды ағылшын тілінде оқытатын арнайы курстар қарастырылған.

Сондай-ақ тәрбиеленушілерді үйлерінен балабақшаға тасымалдайтын көлік те бар. Мекеме басшылығының сөзінше, бақшаның ақысы айына 18-20 мың теңге. Тасымалдау құны  да осының ішіне кіреді.

«Өзім осы саланың маманымын. Қазір  6 тәрбиеші бар. Жалпы 20 шақты адам жұмыспен қамтылып отыр. Күзге дейін тағы 100-120 орындық ғимаратты ашуды жоспарлап отырмыз. Білімді  ұрпақ тәрбиелеуге  бар күш-жігерімізді саламыз», — дейді балабақша меңгерушісі Гүлбаршын Кенжебекова.

Айта кету керек, бүгінде Талдықорған қаласы бойынша балаларды балабақшамен қамту деңгейі 92,5 пайызға  жетті.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаАлматы облысындағы сақ қорғандары мен Пирамидалар арасында ұқсастық табылды
Келесі мақаладаАлакөлге келушілердің саны артуда