«FAMILY CUP» жас отбасыларға арналған марафоны

588

 

15 мамыр – Отбасы күніне орай Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жас отбасыларды қолдау әлеуметтік жобасы аясында 2020 жылдың 15 мамыр күні сағат 11.00-де облыстық «FAMILY CUP» жас отбасыларға арналған интеллектуалды онлайн марафоны өткізіледі.

Талаптары:
• Шараға 29 жасқа дейінгі өңіріміздің барлық жас отбасылары қатыса алады;
• ZOOM бейне байланыс месенджері арқылы байланысқа шығу;
• 14 мамыр 2020 жылдың сағат 19.00-ге дейін тіркелу.

Жеңімпаздарды қорытынды ұпайға сәйкес (бас жүлде және тағы да 2 марапат) бойынша диплом және ақшалай сыйлық табыс етіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін
8 775 391 28 27 ұялы телефонына хабарласуға болады

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаАлғашқы мұсылман социолог ғалым
Келесі мақаладаЖас отбасылар сайысы өтеді