Банктердің қосымшасынан интернетсіз жаңалық оқуға болады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Kaspi.kz, Halyk Bank және Beeline қосымшаларының басты бетінде «Мемлекеттік жаңалықтар» бөлімін іске қосты.

357

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Kaspi.kz, Halyk Bank және Beeline қосымшаларының басты бетінде «Мемлекеттік жаңалықтар» бөлімін іске қосты.

Енді соңғы ақпараттарды интернетке қосылмай-ақ, Kaspi.kz, Halyk Homebank және «Менің Beeline-ым» қосымшаларынан оқуға болады.

Қазіргі таңда кейбір банктердің төлем сервистері қайта іске қосылды. Сондай-ақ бірқатар ақпараттық ресурстар – tengrinews.kz, inform.kz, baq.kz, 24.kz, stopfake.kz, qazaqstan.tv, zakon.kz, baigenews.kz және т.б., сондай-ақ akorda.kz сайты офлайн тәртіпте жұмыс істеп тұр.