Алматы облысының мәдениет күндері өтеді

1892

Елді елеңдеткен «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырыл­ған көрмесі Астананың ажарын ашып, аймақтардың жетістіктерін жалпақ әлемге паш етуге кірісті.

Халықаралық мамандандырылған көрме аясында Алматы облысының мәдениет күн­дері өтеді. Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы облыстық драма театр ұжымы өз ре­пертуарынан әр жылдары сахналанған, сын­шылар мен көрермендердің лайықты б­а­ғасына ие болған үздік қойылымдарын көр­ме қонақтары мен туристердің назарына ұсына­ды.

Атап айтқанда, көрмеге келгендер У.Шекс­пирдің «Ромео мен Джульетта» тра­ге­диясын, С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» ко­ме­диясын, М.Иманғазинов пен Н.Өтеули­нованың «Ілияс» деректі драмасын және Д.Исабековтың «Құстар фестивалі» ертегісін та­машалайды. Аталған қойылымдар арқылы театр ұжымы көрме қонақтарына ұлттық театр өнерінің жоғары үлгісін көрсетіп, қазақ­тың салт-дәстүрі мен тарихын, сахна өнерін тарту етпек.

Алматы облысының мәдениет, архивтер жә­не құжаттама басқармасының көркемөнер га­лереясы да көрмеге өзіндік ерекше тарту дайындапты. Галерея талғамы жоғары қонақ­тарға Астана қаласындағы Қарулы Күштердің ұлттық әскери-тарихи музейінде қойылатын «Ата-баба аңсаған мәңгілік ел» атты көркем­су­рет көрмесін ұсынады. Ол «Көркемөнер гале­реясының» негізгі қорындағы Алматы об­лысы суретшілерінің таңдамалы туын­ды­ларынан жинақталған. Мұнда келушілерге Қазақстан халқының ұлттық мәдени – мұра­сы, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз, рухани бай­лы­ғымыз насихатталады. Егеменді еліміздің қол жеткізген толымды табыстары, жеткен же­тістіктері, шыққан биіктері, қарышты қада­мары «ЭКСПО – 2017» көрмесі арқылы әлем­ге таныстырылады.

Сонымен бірге, осы музейде көпшілік на­за­рына ұсынылатын «Тарих беттерінен» көр­месінде М.Тынышпаев атындағы Алматы об­л­ыстық тарихи-өлкетану музейі мен оның фи­лиалдары қорынан жинақталған ерекше экспонаттар қойылған. Барлығымыз білетін­дей, Жетісу жері тамаша да көркем табиға­ты­мен ғана емес, бай тарихымен де ерекше­лене­ді. Әсіресе, қазба жұмыстары кезінде Есік қор­ғанынан табылған алтын пластиналардың көшірмелері келушілердің қызығушылығын тудырары анық. Сондай-ақ, қазақ батырлары­ның қару-жарақ және қорғаныс киім үлгілері де назардан тыс қалмауға тиісті.

Өркенді өлке тарихы көрнекті ғалым-сая­хатшы Шоқан Уәлихановтың өмірімен тығыз бай­ланысты. Экспозицияға қойылған Шо­қан­ның парша белбеуі, жанұясы қолданған мыс­тан жасалған табақ, шәй қасық, қарын­дасының басына тартқан орамалы, бұрыш ұнтақ­тайтын қол диірменше елорда тұрғын­дары мен қонақтарының көңілінен шығары сөзсіз.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы ма­териалдар мен заттар сол кезеңнің тарихы­нан сыр шертеді. Көтеріліске рух берушілердің бірі болған, халық ақыны Жамбыл Жабаевқа жеке экспозиция арналған. Түрксіб темір­жолы­ның негізін қалаушылардың бірі, қазақ­тан шыққан тұңғыш кәсіби инженер-темір­жолшы М.Тынышпаев туралы мате­риал­дар-
мен де таныса алады.

Алматы облысының мәдени күндері ая­сында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы мен «Алатау әуендері» ұжы­мының концерттік бағдарламасы өтеді. Ха­лық­аралық байқаулардың лауреаттары «Саз­ген», «Адырна», «Құлансаз», «Қобыз сарыны» фольклорлы-этнографиялық ансамбльдері мен М.Төлебаев атындағы халық аспаптар ор­кестрінің өнерлерін де тамашалауға бола­ды. Кеште жетісулық ақындарының сөздеріне жазылған жергілікті композиторлардың шы­ғармаларын жетісулық әншілер орындайды. «Алтынай» мемлекеттік халық-би ансамблінің мың бұралған бишілерінің өнері де көрме мей­мандарын тәнті етері анық.