Жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар қылмыскерлерді ұстауға қалай көмектесуге болады?

95

Полиция қызметкерлері Алматыдағы бүлік пен жаппай тәртіпсіздік кезінде түсірілген сурет пен видеоларды жіберуге болатын телефон номерлерін жариялады.

«Егер тонаушылар туралы ақпарат болса немесе ұрланған тауарлар, заттар, қарулардың қайда сақталғанын білетіндеріңіз болса, көмек көрсетулеріңізді сұраймыз. Сондай-ақ біреу құжатсыз техника құралдарын сатып жатқанын білсеңіз немесе бет-әлпеттерін, көлікті түсіріп алған (сурет, видео) адам болуы мүмкін. Криминалдық полиция осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Қандай да бір ақпарат білсеңіздер, бізге қоңырау шалуларыңызды немесе жазуларыңызды сұраймыз», — деді полиция қызметкері.

Алмалы аудандық Полиция басқармасының телефон номерлері: 87087079202, 87055557763, 87775489991, 87073332750. Сондай-ақ, Бостандық аудандық полиция басқармасының телефон номерлері жарияланды.