Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша қандай іс-шаралар жасалады?

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша  жасалатын іс-шаралар жайлы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты.

297

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша  жасалатын іс-шаралар жайлы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасы аясында импортты алмастыру жөніндегі іс-шаралар кешені көзделді. Министрлік мынандай жедел шаралар қабылдады:

– 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімге 125 мың тонна күнбағыс тұқымы мен 110 мың тонна күнбағыс майы экспортына сандық шектеулер енгізу; 

– картоп пен сәбізді экспорттауға 3 ай мерзімге тыйым салу; 

– ірі қара мал мен ұсақ малды экспорттауға 6 ай мерзімге тыйым салу», – деді министр.