Алматы қаласын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

401

Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын қалпына келтіру жұмыстарын 13 бригада жүргізеді. Қалада 46 бағдаршам нысаны зақымдалды, оның 38-і – қалпына келтірілді. Сондай-ақ, 120 жол белгісі бүлінген, олардың 96-сы қалпына келтірілген. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты жазды.

Көше-жол желісі бойынша қалпына келтіру жұмыстарын 4 жол бригадасы бастады. Кеше 90 ш.м. төсем, 120 метр жиек және 37 жол люгі қалпына келтірілді. Тас төсемді қалпына келтіруді 13 қаңтарға дейін аяқтау жоспарлануда. 

Сонымен қатар, аялдама павильондары да бүлінген. Барлығы 43 павильон зақымдалды, оның 17-сінің әйнектері түгел сынған. Жеке компаниялар да қалпына келтіруге кірісті, бүгінде 2 павильон жөнделді. Жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар, алдын ала есептеулер бойынша 100-ге жуық велосипед жоғалған, 220-сы жөндеуді қажет етеді, 20 станция бүлінген. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды, сондай-ақ залалды бағалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.