Жайдарман. Жазғы фестиваль қалай өтті?

2135

Күні кеше Елордада Жайдарман ойындарының республикалық жастар жазғы фестивалі өтті. Халықаралық жастар күніне арналған аталмыш жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында жүзеге асып отыр. Жалпы сайысқа респбликаның түкпір-түкпірінен келген 15 жас команда қатысты.

 

Олардың қатарында:

«Маңғыстау.kz» (Қазақстан Теміржолы ұлттық компаниясының құрамасы), «Медиум» (Тараз қ.), «Квартал» (Орал қ.), «Қазақпыз ғой» (Павлодар қ), «АҚ құрамасы» (Семей қ.), «Бренд» (Қостанай қ.), «Әуезов құрамасы» (Семей қ), «Сарыарқа құрамасы» (Нұр-Сұлтан қ.), КазАТК – Алматы қаласы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, «Грация» (Нұр-Сұлтан қ.) «Жарлыөзек» (Алматы облысы), «Эконом класс» (Ақтөбе қ.), «Мед универ» (Семей қ.), «        Дарын» (Қостанай қ.), «Қазалы» (Қызылорда облысы) бар.

 

Сонымен қатар, биылғы жылы Жоғары лигада бақ сынап жатқан Жайдарман жұлдыздары да өз өнерлерін ортаға салды. Ал, оларға Дана Нұржігіт, Бақтияр Артаев, Дәлет Кәрібек, Бақтияр Мәкен, Ерлан Аңдасбаев қазылық етті. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды    Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсиетінің жастарынан құралған «Эконом класс» командасы иеленсе, күміс жүлде Елордалық «Сарыарқа құрамасына» бұйырды. Ал, республикалық деңгейдегі алғаш рет сахнаға шыққан . Шығыс Қазақстандық «АҚ» командасы жазғы фестиваль жеңімпазы атанып, үлкен кубокті қанжығалады. «Жастар жылы» аясында өткен қызықты ойын көрермен ықыласына бөленіп, көпшіліктің көңілінен шықты.