Астана қаласы әкімінің кубогы үшін Жайдарман ойындары өтеді

2030

16 қыркүйек күні «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен Астана концерт залында Жайдарманның республикалық «Астана қаласы әкімінің кубогы»  арнайы жобасы өтеді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан жобаға Астана қаласының Жастар саясаты   мәселелері басқармасы қолдау көрсетіп келеді.

Ойынға әр түрлі лигаларда өнер көрсетіп жүрген бірқатар командалар қатысады. Сондай-ақ осы сайыста Башқұртстан құрамасы өнер көрсетпек.

Ойын 18:00-де басталады.

Сонымен қатар арнайы жобаны «Қазақстан» Ұлттық арнасы эфирден көрсетеді.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаАкция аясында 27 мыңға жуық оқушыға көмек берілді
Келесі мақаладаЖерасты қалалары туралы ақпарат