2020 жылғы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогінің жеңімпазы – маңғыстаулық Боранқұл

4776

Жайдарман өз жанкүйерлерін қуанта бермек! Елордада 21 тамыз күні республикалық арнайы жоба “Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі -2020” Жайдарман ойыны өтті. Ойынға Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдау көрсетті. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған жобаға Моңғолиядан және еліміздің әртүрлі облыстарынан бас-аяғы 13 команда қатысты. Олар:

1. «Монғолияқұрамасы», Моңғолия

2. «Евразиат», Нұр-Сұлтан

3. «Рудный құрамасы», Қостанайоблысы Рудный қаласы

4. «Шатыр», ШҚО, Семей

5. «Бес жаңалық», Петропавл

6. «Тұран–Нұр-Сұлтан», Нұр-Сұлтан

7. «Бүгін.kz», Шымкент

8. «Қызылордақұрамасы», Қызылорда

9. «Дарын Интеллектуал», Қостанай

10. «Боранқұл», Маңғыстау

11. «Шапалақ», Талдықорған

12. «Миллион», Шымкент

13. «Грант», Орал

Тартысты сайысқа Көпен Әмірбек, Дәулет Кәрібек, Еркін Мұхамеджанов, Бахтияр Артаев, Марат Достаев секілді қоғам қайраткерлері, белгілі тұлғалар қазылы қетті. 13 команда ойын көрсетіп, қазылар алқасының шешімі негізінде жүлделі орындарға лайықты командалар іріктелді. Нәтижесінде “Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогін” Маңғыстау өңірінен келген “Боранқұл” командасы иеленді. Екінші орын оралдық “Грант”, үшінші орын Нұр-Сұлтанның мақтанышы “Евразиатқа” бұйырды. “Дарын-интеллектуал” командасының ойыншысы Таңшолпан “Үздік ойыншы” номинациясына лайықты деп танылды.

Биылғы жыл жалпы әлем үшін оңай жыл болған жоқ. Пандемия әсерінен көптеген салалар тұралап қалды. Жайдарман да көрерменімен қауыша алмай қалды. Дегенмен, көрерменнің патша көңілі біз үшін әрқашан маңызды, биік. Өзіміз де телеэкран арқылы болса да, жайдармансүйер жандармен қауышуға асықтық. “Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі-2020” ойыны командалардың білек сыбана дайындалған жобасы болды. Сахнаның сәнін командалар келтіргенмен, Жайдарманның жарасымы көрермендермен екеніне тағы бір көзіміз жетті. Жайдарманшылар экран алдындағы көрерменнің көңіл-күйіне әсерету үшін, барын салып өнер көрсетті. Зал толы ойындар мен қалыпты өмір салтына тезірек ораламыз деп сенеміз. Қауіпсіздік шараларын сақтап, денсаулыққа дұрыс қарап, сақтанып жүруге шақырамыз!

Ойын залдағы көрерменсіз өтсе де, қызыққа толы телевизиялық түсірілім болып, 24 қазан күні Қазақстан ұлттық арнасының эфирінен көрсетілді.