Жастар саясаты мәселелері басқарма басшыларының онлайн жиналысы өтті

1532

Бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұйымдастыруымен әр облыстың Жастар саясаты мәселелері басқарма басшыларының онлайн жиналысы өтті.

Республика бойынша жастар мәселелері басты назарға қойылып, өзін-өзі басқару ұйым белсенділерінің тарапынан ұсыныстар мен өтініштер айтылды. Астана қаласының Жастар саясаты мəселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов республика көлемінде студенттік басқару ұйымдарының белсенді көшбасшыларының форумын өткізуді ұсынды.

Басты мақсат:аймақтардағы ара-қатынасты нығайту, өзара бірлесе жұмыс істеу үшін достыққа шақыру. Сонымен қатар, Астана қаласы бойынша бірінші курс студенттерін «Жаңа белес» атты мерекелік қабылдау кешін өткізу жоспары талқыланды.

Бүгінгі таңда студент жастардың өзін-өзі басқару ұйымдары креативті іс-шаралар мен маңызы зор, игілікті істерді қолға алған. Жалынды жастық шақтың әр сәтін қызықты әрі пайдалы өткізу үшін жоғарғы оқу орындарының белсенді студенттерінің еңбегі ерен.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаНаполеон мен Гитлер арасындағы адам сенгісіз сәйкестіктер
Келесі мақаладаАстана заманауи өнер орталығы қайта ашылды