Сенім телефондарына полицейлердің әрекеттеріне қатысты қанша шағым түскен?

345

ІІМ-нің сенім телефондарына полицейлердің әрекеттеріне қатысты 17 қоңырау келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес ішкі істер органдарының өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері азаматтардың өтініштеріне, әсіресе полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне жедел ден қоюды қамтамасыз етті.

Мәселен, өткен тәулікте сенім телефондарына азаматтардан 57 өтініш келіп түсті, оның ішінде 40 өтініш консультативтік-анықтамалық сипатта (көші-қон, халықты құжаттандыру, көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, айыппұл есептеу, сақтандыру, әлеуметтік мәселелер, ЖКО мәселелері, ақылы жолдардың, ХҚКО-лардың жұмыс істеуі және т.б.) және 17-сі полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты болды. Мән-жайды анықтауды қажет ететін барлық келіп түскен өтініштер бойынша тексерулер жүргізіледі (АЕК-те 8 өтініш тіркелді және 4-і бойынша қызметтік тергеу тағайындалды) және шағымданушыларға толық түсініктеме берілді.