ТЖ: Ұшақ билеттерін қалай және қай уақытқа дейін тапсыруға болады?

301

Қазақстандағы әуеқатынасы кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатыр. Бірақ рейсі тоқтатылған адамдар не істеу керек? Әртүрлі әуекомпанияда билеттерді қай уақытқа дейін тапсыруға және айырбастауға болатыны Kaz.tengritravel.kz материалында.

Air Astana

19 қаңтарға дейін тоқтатылған рейстерге билеттерді 28 ақпанға дейін айыппұлсыз тапсыруға немесе айырбастауға болады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, егер жолаушылар осы күндері (19 қаңтарға дейін) ұшу туралы ойларын өзгерткен болса, билеттерді қайтаруға және айырбастауға болады.

Билеттерді қайтару және қайта брондау сатып алынған жері бойынша жүзеге асырылады:

  • мобильді қосымшалар арқылы,
  • агенттіктер,
  • билеттерді сату сайттары,
  • әуекомпанияның сайттары,
  • call-centre (қазіргі уақытта ол +7 7272 444477 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейді).

FlyArystan

5-19 қаңтар аралығында әуекомпанияның қызметтерін пайдалана алмаған жолаушыларға (оның ішінде жоспарланған күндері ұшу туралы ойын өзгерткен) айыппұлсыз толық қайтаруға немесе 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін кез келген күнге тегін қайта брондауға рұқсат етілген (орын болған жағдайда). Ұшу ТЖ кезеңінде ағымдағы кесте бойынша орындалатын, бірақ қандай да бір себептермен олардың ұшу мүмкіндігі жоқ жолаушылар ұшуға дейін екі сағаттан кешіктірмей қайтаруға өтінім жібере алады.

  • Егер сіз билетті агенттіктен/кассадан/турфирмадан сатып алсаңыз – билеттерді сатып алан жеріңізге хабарласуыңыз қажет.
  • Егер сіз билетті FlyArystan қосымшасында немесе сайттан сатып алсаңыз flyarystan.com сіздің рейсіңіздің күні әлі өтпеген болса, онда сіз қосымшадағы «Менің броным» қосымша беті арқылы және сайттағы «брондауды басқару» арқылы өз бетінше өзгерте аласыз және 31 қаңтарға дейін рейстерге билетті қайта брондауға немесе ұшуға дейін екі сағат бұрын уебилетті қайтаруды ресімдеуге болады.
  • Егер сіздің тоқтатылған рейсіңіздің күні өтіп кетсе, сізге refund@flyarystan.com немесе WhatsApp-ботқа жазу керек.

Жүйе дұрыс жұмыс істемеген және толық қайтарылмаған жағдайда Сізге refund@flyarystan.com поштасына жазу керек.

SCAT

ТЖ режимін енгізу себебінен тоқтатылған рейстерінің жолаушылары үшін компания ұшу күнін 2022 жылғы 31 қаңтарға дейінгі кезеңге өзгерту немесе билет құнын толық қайтару мүмкіндігін ұсынады. Билеттерді сатып алған жерге хабарласу қажет.

Ең алдымен, тоқтатылған рейстердің жолаушыларына және алдағы күндерге билеттер сатып алғысы келетіндерге қызмет көрсетіледі.

Егер әуекомпания рейсті тоқтатса және ол орындалмаса, жолаушы 100 пайыз қайтара алады. Мұндай қайта брондау айыппұл санкцияларын қолданбай жүзеге асырылады.

Егер жолаушы өз еркімен қайтаруды жүзеге асырса (рейс орындалды), онда қайтаруға да, қайта брондауға да айыппұл болуы мүмкін. Айыппұл сомасы тарифке байланысты.

Qazaq Air

2022 жылғы 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін рейстер үшін билеттерді қайтару және айырбастау билеттерді сатып алу орны бойынша ресімделуі мүмкін. Толық құнды қайтару немесе орындар болған жағдайда 2022 жылдың 1 наурызына дейін кез келген күнге тегін айырбастауға болады.

Билеттерді, оның ішінде ауыстырылмаған рейстерге қайтаруға немесе айырбастауға болады (егер жолаушы ұшу туралы шешімін өзгертсе).

Егер билет flyqazaq.com веб-сайтынан сатып алынса, онда info@flyqazaq.com электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз және бронь нөмірін көрсетіңіз (алты символдан тұрады). Егер билет агенттікте сатып алынған болса, онда сатып алынған жер бойынша хабарласу қажет.