Алматылықтар Астананың мұқтаж отбасыларына қайырымдылық жасады

1727

Қасиетті Рамазан айы кезінде Алматы облысының тауар өндірушілері Астананың мұқтаж отбасыларына, жетім балаларға, әлеуметтік тұрғада осал топ өкілдеріне қолдан келгенше көмек көрсетті.

«Мейірімділік М» қоғамдық қоры бастап, шаруалар қолдап аз қамтылған жанұяларды ауылшаруашылық жәрмеңкесіне шақырып, жеміс-жидек, көкөніс және де кулинарлық өнімдер таратты.

-Біз қолдан келгенше қаржылай, материалдық тұрғыда көмектесіп қана қоймай, мұқтаж аналар мен жетім балаларға әлеуметтік қолдау танытамыз, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарды жұмысқа орналастырамыз. Бүгін бізге Алматы облысының әкімдігі көмек көрсетіп жатыр. Жеміс-жидек, көкөністермен қамтамасыз етті. Біздің балаларымыз жаңа піскен өнімдер мен тәттілерден дәм тататын болды. Біздің дағдарыс орталығының қорында 9 бала бар, – дейді «Мейірімділік М» қорының төрайымы Айгүл Сейлова.

-Алматы облысының өкілдеріне шын жүректен алғыс білдіреміз. Рамазан айында бұл шынымен ізгілікті іс. Жетім балалар, жалғысбасты қарттар, мұқтаж жанұялар ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерден көмек алды, – дейді қор өкілі Мамыр Қасымов.