Қазақстан студенттері альянсының президентімен ашық кездесу өтті

852

Жастар жылы- жаңа мүмкіндіктерге толы  тарихи  кезең. Қазақстанның болашағы жастардың  қолында екені анық. Жан-жақты  шыңдалып, дамуы үшін жастарға аға буынның  жол  көрсетуі жөн-ақ. ҚР Ақпарат және  қоғамдық  даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды  қолдау  орталығы» КЕАҚ-ның  мемлекеттік қолдауы аясында «Жігер.Абырой. Сана» қоғамдық  қоры қолдау  көрсетіп, жастарға бағыт  берер,  еліміздің  белгілі  тұлғалармен кездесулер ұйымдастыруда.

 

17 қазанда   Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан  техникалилық  колледж  студенттері  Қазақстан  студенттері  альянсының  президенті  Ілияс  Түстікбаевпен  кездесті. Спикер шарада  студенттік  өмірге кеңірек  тоқталды . Түрлі  тақырыптар  қозғалып,  студенттермен  емен-жарқын әңгіме айтылды. Мемлекет тарапынан  беріліп отырған  мүмкіндектер, тәжірибелерден  өту, шәкіратқы  және  жатақхана мәселелері  туралы сөз болды. Студенттер  толғандырып жүрген  сауалдарын  қойып,  жауап алды.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаЖастарға жігер беретін жоба
Келесі мақалада«АСТАНА ЖАСТАРЫ» ӨКІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ