Димаш Құдайберген Дубайда жеке концертін өткізеді

304

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алдағы наурыз айында Дубай қаласында жеке концертін өткізеді. Әнші бұл туралы өзінің Instagram-парақшасында мәлім етті.

«25 наурызда екі жылдық пандемиядан кейін Дубай қаласындағы Coca Cola аренада өтетін үлкен жеке концертімнің өтетіндігін хабарлаймын. Билеттер сторис пен профиль сілтемесінде. Көріскенше, достар!», – деп жазды ол.

Айта кетейік, әнші парақшасы бұғатталғанын да атап өтті.