ҰҚШҰ әскері Қазақстан аумағынан толық шығарылды

341

ҰҚШҰ бітімгершілік әскері Қазақстан аумағынан толық шығарылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсайынов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

«Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық бітімгер күштерін Қазақстан аумағынан шығару аяқталды. Соңғы жеке құрам мен техника әуе кемесімен Алматыдан ұшып шықты. Қазіргі Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің әскери қызметшілері жоқ. Елімізден ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгершілік контингентін кезең-кезеңімен шығару биыл 13 қаңтардан бастап Қарулы күштердің Жоғары бас қолбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілеген мерзімде жүзеге асырылды», -деді министрлік өкілі.