«Экспо» көрмесіне – облыс жәрмеңкесі

1606

Астанада өтіп жатқан «Экспо – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Алматы облысы тауар өндірушілерінің Астана қаласындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. «Қазақстан» спорт  кешенінің жанында екі күнге созылған жәрмеңкеге жетісулықтар 42 түрлі азық-түлік апарды.

Жәрмеңкеге облыстың 16 ауданы мен 3 қаласы, сондай-ақ «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы да атсалысып, жалпы 3 мың тоннаға жуық өнімін ұсынды. Атап айтқанда, 1200 тонна көкөніс, 500 тонна жеміс-жидек, 20 тонна бал және басқа да экологиялық таза азық түрлері, сүт және ет өнімдері нарықтағыдан төмен бағада саудаланды.