Үрмелі шарлар фестивалі Алматыда!

2074

Алматы тұрғындары мен қонақтарының назарына!

23 қыркүйекте Алматы күніне орай қалада ерекше фестиваль өтпек. Ол- үрмелі шарлар фестивалі. Фестиваль Алматы аспанын 1000 түрлі түске бояйды. Оған қоса, сізді түрлі қызыққа толы бағдармала күтеді. Оның ішінде жәрмеңке, үрмелі шарлар жарысы, балаларға арналған түрлі ойындар және де ашық аспан астындағы қазақстандық әншілердің өнер көрсетуі. Ең бастысы үрмелі шарлармен Алматыны тамашалау мүмкіндігі туады.

Осы күздің ең жарқын оқиғасын өткізіп алмаңыз! Сіз де бұл шараның бір бөлігі болып, Алматыны жарқыратуға үлесіңізді қосыңыз!

Мұның бәрі ТЕГІН! Фестивальдің басталуы сағат 10.00-де. Өткізілетін орны: «Almaty Arena».

Сымбат Төлекберген