Жайдарман: А лига жобасының финалдық ойыны өтті

434

Алматыда  17  қараша  күні республикалық  А  лига  ойындарының  финалы  өтті. Финалға еліміздің барлық  өңірлерінен  қатысқан  командалар  арасынан  суырылып  алға шыққан 6 команда қатысты.  Қазылар  алқасының  шешімімен финалға жолдама  алған  «Бақтияр Тайлақбаев», «Байланыс жігіттері», «Маңғыстау», «Томирис», «ПМПУ» командалары  үш  кезең бойынша  бақ  сынады:

  1. Сәлемдесу;
  2. Әуенді жамбы ату;
  3. Көрініс.

Қазылар  алқасының  құрамында «Tamasha.tv»  телеарнасының  директоры  Есен  Елеукен, дизайнер Жадыра  Сахиева және  әзіл майталмандары Нұржан  Тутов пен Алмат Сақатов болды. 

Ойын қорытындысы бойынша, «Бақтияр  Тайлақбаев» командасы бас жүлдені  иеленді. «Голд» құрамасы екінші, «Байланыс жігіттері» үшінші орынға лайықты деп  табылды. Финалға жеткен әр команда арнайы дипломдармен және қаржылай марапатталды. Чемпион атанған командаға қосымша сыйақы табысталды.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаЖайдарман: Республикалық премьер лига ойындарының финалы өтті
Келесі мақаладаСерік Есматовпен кездесу өтті