Бай мен кедей арасындағы алшақтық «жол берілмейтін» деңгейге жетті – Тоқаев

494

Қазақстан Президенті ірі бизнес-қоғамдастықтардың басшыларымен кездесуде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтыққа қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, орын алған қайғылы оқиғалар көп жылғы проблемалардың басын ашып берді.

«Бүгінгі стратегиялық міндет – бүкіл әлеуметтік құрылымды өзгерту. Бізге Қазақстан азаматтарының мүддесіне сай келетін нақты реформалар қажет. Мен 11 қаңтарда Парламентте айтқанымдай, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық «жол берілмейтін» деңгейге жетті», – деді Мемлекет басшысы.