Қызылордада жастар орталығы жұмысы жандануда

455

…Жастар ресурстық орталығы — жастардың бос уақытын және демалысын ұйымдастыру, шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызметті іске асыратын ұйым…

 

Ағымдағы жылдың мамыр айында Қызылорда облысында жастар орталығы ашылды. Шығармашыл жастардың басын қосатын ғимарат Сырдария өзенінің сол жағалауынан салынған.  Ғимарат жастардың қажеттіліктерін ескере отырып, жастармен жұмыс жасаудың жаңа тәсілдеріне бағытталған және заманауи үлгідегі технологиялармен жабдықталған. Жыл басынан қараша айына дейін облыстық орталықпен әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 466 шара ұйымдастырылып, оған 20000-ға жуық жас қамтылған. Оның ішінде 49 ақпараттық-түсіндірме жұмыстары, 47 спорттық, 17 қайырымдылық шара, рейд, семинар-тренингтер және басқа да әр түрлі бағыттағы қызықты шаралар ұйымдастырылған. Мұның барлығы дерлік сол жастардың игілігі үшін жасалынып жатқан дүние.

Орталықтың бастамасымен 16 жоба жүзеге асқан. Оның ішінде «Орталық студияда – Бағлан Қалиевпен», «Жастар – қоғам назарында!», «Жастар STARTUP», «Еріктілер мектебі», «Жас маман», «Жас OTAU», «Жас кеңесші», «Жүрек жылуы», «Орталық Cinema», «Біз спортты таңдаймыз!», «Дін және жастар» сынды 11 жоба ақысыз негізде тұрақты жүргізіліп келеді.

Бүгінгі таңда өңір халқының 22,3 пайызын жастар құрайды. Өңірде жастардың қатары баршылық. Олардың жас шамасы16-28-де. Көпшілігі дерлік жұмыспен қамтылғандар. Жыл басынан қараша айына дейін облыстық орталықпен әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 466 шара ұйымдастырылып, оған 20000-ға жуық жас қамтылған. Сыр өңірінің жастары өнерге бай тәрбиеленгенін анық байқауға болады.

Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру барысында бұл орталық түрлі бағыттарда ақысыз негізде тәулік бойы қызмет көрсетеді. Есепті кезеңде келушілердің саны орташа есеппен 1 тәуліктегі көрсеткіш 300-ге жуық жасты құраған. Атап айту керек, жастардың  сұранысымен бастау алған «Продюсерлік және дыбыс студиясы» өз қолдауын тауып, жастардың шығармашылығын дамытуға және сыр жастарының имиджіне жұмыс жасайтын болмақ.

Жастар орталығында «бір терезе» қағидатымен жұмыс жүргізу мақсатында әдістемелік көмек көрсету бөлімі арнайы жұмысын жүргізуде. Бұл дегеніміз жастар арасында ақпараттық–түсіндірме жұмыстарын жүргізуді әдетке айналдырған десе де болады. Атап айтқанда, шілде айында барлығы 13 кеңес беру шарасы өткізілгеннің арқасында, 400-ден аса жастар мен тұрғындар қатысу арқылы біршама жетістіктерге жеткені бар.

Қызылорда қаласына қарасты 2 кент пен 7 ауылдық округ бар. Міне, осы аталған ауылдық округ пен қала тұрғындарына «Сыр Самалы» қалалық жағажайында ақпараттық-түсіндірме шарасы ұдайы ұйымдастырылып келеді. Шараның мақсаты  — жастар мен тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға көмек беру. Сыр өңірінде мұнан өзге де, пайдалы шаралар легі толастаған емес.

Бауыржан Мәстеков, Қызылорда облысы «Жастар ресурстық орталығы»-ның директоры:

...Мәселен, ағымдағы жылы біздің орталықтың тікелей ұйымдастыруымен әр түрлі бағытта 92 шара атқарылып, оған 5000-нан аса жас қамтылған. Бөлім тарапынан «Еріктілер мектебі», «Жастар қоғам назарында!», «Эрудит», «Дін және жастар» 4 жоба жүзеге асырылады. Жобалар аясында 52-і шара ұйымдастырылған. Сондай-ақ, 40 шара әр түрлі бағытта және қосымша тапсырмалар бойынша іске асқан. Атап айтсақ, Президент Жолдауын насихаттау бойынша – 20 кездесу, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау бойынша – 5 шара, жастар ресурстық орталықтарының жұмысын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы – 2, мәдени көпшілік және әр түрлі мерекелік шаралар – 13 шара атқарылды…

 

Иә, бұл орталықтың жасап жатқан шаралары жетерлік. Мәселен, Тұңғыш-Елбасы Н.Назарбаевтың ‘‘Қазақ­­станның 100 жаңа есімі’’ жобасын жариялауы. Бұл шара аясында да облыстан жастар қатары шеткері қалмаған.  Шығармашылық жастармен кездесу секілді әдемі дүниелер ұдайы ұйымдастырлып отырады. Республикаға танымал  жайдарман және КТА жұлдыздармен арнайы кездесулер, сондай-ақ жастардын шығармашылығын дамыту мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындарында кездесулер жиі өткізіліп келеді.

«Аға ұрпақтың ізгі ісі — жастарға жағдай жасау».  Биылдың өзінде аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 500 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында биылғы жылды Жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Осы орайда жастар орталығында IT-park, антикафе, интернет, кітапхана, жаттығу залы қарастырылған және тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Соңғы бес жылда Сыр өңірінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі тұрақты төмендеді. Экономикалық белсенді жастардың саны артты. Қазіргі таңда 510 түлек Ресей үкіметінің грантымен Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларындағы инженерлік жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Ал 900-ге жуық дарынды ауыл балалары облыс әкімінің арнайы грантымен республиканың жоғары оқу орындарында аймаққа қажетті мамандықтарды игеруде.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаЖастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – жарқын болашықтың кепілі!
Келесі мақаладаЕҰУ студенттері Нұрсұлтан Құрманмен кездесті