ЕҰУ студенттері Нұрсұлтан Құрманмен кездесті

1181

24 қазанда Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті, журналистика және саясаттану  факультетінде  журналист, тележүргізуші  Нұрсұлтан Құрманмен  кездесу  өтті. Кездесу   ҚР Ақпарат және  қоғамдық  даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды  қолдау  орталығы» КЕАҚ-ның  мемлекеттік қолдауы аясында «Жігер.Абырой. Сана» қоғамдық  қоры қолдауымен  ұйымдастырылды.

 

Университет қабырғасында алған  теориялық  білім  мен практиканы ұштастырып, білікті журналист болу  үшін қайтпек керек? Кездесуде  болашақ журналистерге  бірқатар  кеңестер берілді. Медиажурналистиканың  алғышарттары  туралы  айтылды. Нұрсұлтан  Құрман  студенттермен өз  тәжірибесімен бөлісе отырып, заманауи тенденцияларға ілесіп  отырудың  қажеттілігін жеткізді. Кездесу барысында студенттер  сұрақтарына жауап алып,  өздерін  ойландырып  жүрген  тақырыптар  аясында ой  алмасты.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаҚызылордада жастар орталығы жұмысы жандануда
Келесі мақаладаБасқару колледжі студенттерімен кездесу өтті