Басқару колледжі студенттерімен кездесу өтті

1688

Жастар  жылы аясында Кездесу   ҚР Ақпарат және  қоғамдық  даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды  қолдау  орталығы» КЕАҚ-ның  мемлекеттік қолдауы аясында «Жігер.Абырой. Сана» қоғамдық  қоры қолдауымен кездесулер ұйымдастырылуда. 24 қазан  күні Нұр-Сұлтан  қаласы,  Басқару  колледжінің  студенттері  тележүргізуші, журналист Ғалымжан  Кеңшілікпен кездесті.

Кездесуде  Нұр-Сұлтан  қаласы  Жайдарман ойындарының  директоры Жүсіпжан  Жамаш та  болды.  Спикерлер арнайы сөз  алып, өз  салаларының қыр-сырымен  бөлісті. Студенттерді  белсенді  өмірге шақырып,  жан-жақты болуға үндеді. Мемлекет тарапынан  жастарға  беріліп  жатқан  мүмкіндіктер  туралы айтылды. Студенттердің  мамандықтарын жетік меңгеріп, өз  салаларының  үздігі  болуға бар күш-жігерді  салу керек екендігін  түсіндірді.  Себебі, қазір- бәсекелестіктің  заманы.  Білекке емес, білімге  , тәжірибеге сенетін заман. Шара  соңында студенттер өз қызығушылықтары мен  бағыттары  туралы сөйлесті. Кездесу туралы пікірлерін білдіріп, алғыстарын  айтты