Күзгі сән үлгісі — 2017

3765

Осы жылдың күзгі тенденцияларымен танысып көрелік. Әлемнің ең атақты дизайнерлерінің жинақтарынан шыққан қорытындыға сәйкес жасалған «күзгі образдарды» қарсы алыңыз!

1. Қара түс мәңгі трендте!

Сіздің қара киімдеріңіз тағы да танымалдылыққа ие.  Осы күзде бастан-аяқ қара түсті киім, аяқ киім, аксессуарлар болса, тіпті жақсы екен.  Сізді ешкім фантазиясы жоқ екен деп айыптамайды. Қалай дегенде де Коко Шанельдің ең сүйікті түсі қайтадан трендте!

2. Жаздың қанық түстері

Қара түсті киімді ұната қоймайтындар үшін трендте болудың өзге жолы бар. Түрлі түсті киімді қара аксессуарлармен үйлестіру де тиімді. Жазды жіберме, қанық түстер арқылы үнемі жаз мезігілінде жүргендей бол!

3. Былғары да тыс қалмады

Күз айларын былғары күртешелерінсіз елестету мүмкін бе? Әрине, жоқ. Күртешелерден өзге осы күзде былғары көйлек, шалбар сияқты киімдер де танымал,

4. Романтика…

Нәзік романтикалық үлгідегі киім-кешектер де сәнді киімдер қатарында. Өте қанық емес түстер де сәнде өз орнын алып тұр. Әсіресе ашық қызғылт түсті нәзік тоқылған киімдерге зер салыңыз.

5. Аксессуарларды да ұмытпаңыз!

Ескі үлгі уақыт өте келе жаңа дем алып, жаңа тренд болып келетініне талай куә болдық. Соның бір айғағы осы күздегі ең сәнді сөмкелер! Әжелеріміздің қобдишалары есіңізде ме? Соның «жаңарған» үлгілерін көріп қалсаңыз, бірден өтіп кетуге асықпаңыз. Бәлкім дәл сондай сөмке сіздің образыңызды ажарлай түсер.

 

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаКүзде бет терісін қалай күтеміз?
Келесі мақалада27 қыркүйек — GOOGLE іздеуші сервисінің туған күні