Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова «The Trend Spotter» журналы жасаған «Әлемнің ең тартымды, әрі ең танымал 50 азиялық әйелі»  тізіміне енді.

«Динара Сәдуақасова – шахмат ханшайымы. Ол төрт рет әлем чемпионатын жеңіп алып, 2019 жылы әйелдер арасында Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар, ол халықаралық шахматшылар Федерациясы (ФИДЕ) халықаралық шебері (IM) және әйел гроссмейстер (WGM) атағына ие.

 

Ойынға деген сүйіспеншілігінің арқасында 200-ден астам баланы оқыту үшін Қазақстанда шахмат академиясын ашты. Сондай-ақ Динара  – Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының амбассадоры» – деп сипаттайды The Trend Spotter журналы.

Айта кетейік, Динара Садуақасовадан бөлек, бұл тізімге әлемге танымал актрисалар Приянка Чопра, Джемма Чан, Амита Суман, әнші Лалиса Монабан кірген.