Ұлттық Дельфий комитеті талантты жастарды шақырады!

1605

Ұлттық Дельфий комитеті  жастар жылына аясында мәдени жоба өткізбек. Ұйымдастырушылар фестивальді екі кезеңде өткізуді жоспарлап отыр: бірінші іріктеу туры – елдің барлық облыстарынан келген талантты жастардың онлайн-өтінімдерін 2019 жылдың 20 маусымына дейін қабылдау, екіншісі — фестивальдің финалы 2019 жылдың тамыз айында Елордада өтеді.

Жобаға 14-28 жас аралығындағы шығармашыл жастар шақырылады. Жоба аясында Ұлттық Дельфийлік қазылар алқасы қатарынан еліміздің мәдениет қайраткерлерімен шеберлік сыныптар өткізу және байқауға қатысушыларға менторлық қолдау көрсету жоспарланып отыр.
Дәстүрлі түрде ұйымдастырушылар ерекше қажеттіліктері бар талантты жастарды жобаға қатысуға шақырады.
Фестиваль бағдарламасында келесі номинациялар ұсынылды:
1. Хореография (халықтық, заманауи, эстрадалық би);
2. Вокал (халықтық, эстрадалық, академиялық);
3.Ым-ишара тілінде орындау (соло, ансамбль, шағын нысанда);
4. Бейнелеу өнері (жеке);
5. Сәндік-қолданбалы өнер (жеке);
6. Халық аспаптары (домбыра, қобыз, баян/аккордеон және т. б.);
7. Театр өнері (қойылым үзінділері, миниатюралар, монологтар, скетчтер және т. б.);
8. Электрондық музыка (клавишалық, қияқты және ішекті аспаптар);
9. Киім дизайны;
10. Ашық номинация (жеке номинациямен мәлімделмеген кез келген шығармашылық түрі).
Барлық тілек білдірушілер https://form.jotform.me/capkazakhstan/BF сілтемесі арқылы тек үш рет басу арқылы қатысуға өтінім бере алады.
Конкурстық комиссия ұсынылған әр номинациялар бойынша бірінші, екінші және үшінші орын иегерлерін анықтайды.
Фестиваль ережесімен және жоба бойынша қосымша материалдармен https://yadi.sk/i/-SCggXLWc0VNEw сілтемесі арқылы таныса аласыздар.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаДинара Сәдуақасова: Есепсіз форумдардың да жастарға пайдасы бар
Келесі мақаладаЖастардың қатысуымен 55 жоба іске асырылуда