Талдықорған қаласында жас ақындар сөз сайыстырды

1521

Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Рухани жаңғыруға — жастық жігермен» атты жас ақындардың республикалық айтысы өтті.

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай өткізілген айтысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 14 пен 29 жас аралығындағы он жас ақын қатысты.

Айтыс қонақтары әрі әділқазы алқасы ретінде Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Серікзат Дүйсенғазы, Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғақовтар да Жетісу жеріне келді. Айтыстың ашылуында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар сөз сөйлеп, айтыстың мән-маңызына, рухани жаңғырудағы үлес-салмағына тоқталып өтті.

Сөз сайысының қорытындысында Бас жүлдеге Батыс Қазақстан облысының ақыны Мұрадым Мирланов лайық деп танылып, оған 500 мың теңгенің сертификаты ұсынылды. 1 орынға Батыс Қазақстан облысынан келген Талғат Мықи, 2 орынға жетісулық жас ақын Жалғас Садық пен жамбылдық Әсет Дүйсембаев ие болып, олар тиісінше 350 мың және 200 мың теңгеден ақшалай сыйлықтарға қол жеткізді. Өзге қатысушылардың барлығына ынталандыру сыйлығы ретінде 75 мың теңгеден берілді.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаАлматы облысында жылдың үздік отбасы анықталды
Келесі мақаладаАлматы облысының үздік ауыл мектебі