Табысты әрі тапқыр жастар үшін жаңа мүмкіндік

2464

Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев «2019 жыл — Жастар жылы» деп жариялағалы біршама жобалар жүзеге асырылуда. Әртүрлі форматта өткізілетін жобалардың негізгі мақсаттары бір. Әрине, жастарға жан-жақты қолдау білдіріп, олардың креативке толы идеялары мен сүбелі ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Осы негізде «Жігер. Абырой. Сана» қоғамдық қоры еліміздің жігерлі жастарына арнап әртүрлі  шаралар өткізуді жоспарлауда.  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында еліміздің белсенді әрі білікті жастарының қатысуымен іс-шаралар өткізбек. Қызықты сайыстар мен кездесулер ұйымдастырып, заман талабына сай білім деңгейлерін кеңейтулеріне қолдау білдіру негізінде жобалар дайындалуда. Мақсат – мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық сүйемелдеуді қолға ала отырып,  табысты әрі тапқыр жастарды іріктеп, өз саласының біліктілерін насихаттау.

Jas.kz

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаБұл сайыс бұрыңғы сайыстан өзгерек
Келесі мақаладаЕвгений Елбасына жобаларын таныстырды