Өркен Кенжебекпен кездесу өтті

1840

Жастар-еліміздің болашағы.  Олардың  қалыптасу  жолында  аға  буынның жол сілтеп, үлгі  көрсете  білуі керек-ақ. Себебі, үлкеннің  ақылымен көктеп, өсіп-өнген  халықпыз. Жастар  жылы  аясында ҚР Ақпарат және  қоғамдық  даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды  қолдау  орталығы» КЕАҚ-ның  мемлекеттік қолдауымен «Жігер.Абырой. Сана» қоғамдық  қоры қолдауымен жастармен ашық  кездесулер ұйымдастырылып жатыр.  29 қазанда  блогер, медиа-лектор  Өркен Кенжебек студенттермен  кездесті.

Кездесу барысында блогер  өзінің  журналистік жолындағы тәжірибелерімен  бөлісті. Блогерлікті  қалай  бастағаны,  сауатты текст  жазып, өтімді контент  жасау тетіктерін  үйретті. Блогы, саяхаттары, жұмысы туралы айтылып, студенттер  тарапынан  сұрақтар  қойылды. Аға буынның әңгімесі жастарға қашан да пайдалы. Әрі жаңа заманға  бейімделу, медиа саласына бағытталу, әлемді аралау  секілді қызықты  тақырыптарда сұхбат  құру-жастардың қызушылығын, құлшынысын арттыра түседі. Кездесуде  студенттер сұрақтарына жауап алып, жаңа ақпараттармен қанықты.