Жаңғыртудан өткен Ақсу қант зауытында жаңа өнімнен алғашқы қант алынды

1228

Жаңғырту жұмыстарының алғашқы кезеңінде Ақсу қант зауытының құрал-жабдықтарының 80% ауыстырылып,  соның нәтижесінде өндірістік қуаты еселеп артқан зауыт шығаратын қанттың сапасын да еселеп, қазір оны 11,5 %-ке жеткізді. Барлық өндірістік процесс автоматтандырылған, бірыңғай оператор арқылы бақыланады. Зауыт өңдеу ісін бастаған алғашқы екі күнде 5 мың тоннадан астам қант қызылшасын өңдеп үлгерген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың қайта түлеген қант зауытына барған сапарында белгілі болды.

Ақсу қант зауытындағы алғашқы жаңғырту кезеңі аясында құрал-жабдықтар шырын алу, шырын тазалау, азық-түліктік, жом сығымдау, әктеу-газды және басқа да жекелеген бөлімдерде, сол сияқты шырын мен шәрбәт бөлімдерінде де ауыстырылды. Ең басты ерекшелігі – барлық өндірістік желі тұтас автоматтандырылған, орталық аппарат арқылы басқарылады. Мәселен, жаңа ылғалсыздандыру стансасының арқасында энергия шығыны 30 % азайған. Зауытта сүзгілеудің жаңа технологиясы қолданылатын теңдессіз камералық пресс-фильтр орнатылған. Орау цехының жұмысы да автоматтандырылған. Жалпы «Жетісу» ӘКК арқылы қазақстандық, ресейлік, белорустық, француздық, германиялық өндірістегі 119 технологиялық жабдық сатып алынған. Сатып алынған құрал-жабдықтар «Аksu Kant» ЖШС-ға қаржылық лизингіге берілген.

Бөлісу:
Алдыңғы мақала«7-20-25»: Алматы облысында мемлекеттік бағдарлама белсенді түрде жүзеге асырылуда
Келесі мақаладаЖетісулық делегация Қостанай облысында болды