«Жайдарлы Жас ұлан» КТК республикалық конкурсы  өтеді

2143

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен  2017 жылғы 20 қазан күні Астана қаласы «Қазмедиа холл» киноконцерттік залында мектеп оқушылары арасында  «Жайдарлы Жас ұлан» КТК республикалық конкурсы  өтеді.

Шараға Астана, Алматы қалаларының және облыстарының мектеп оқушыларынан биылғы «Маусымашар» фестиваліне қатысқан және облыстық «Жайдарлы Жас ұлан» КТК конкурсының жеңімпаздары атанған 15-тен астам команда қатысады.

Көптен күткен шараға мектеп оқушылары қоржындарын ең күлкілі де әсерлі әзілдермен толтырып алып келгені сөзсіз. Республикалық деңгейдегі бұл шараға мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік балалар қатыспақ. Осыған дейін де өздерінің әзілдерімен көрермен жүрегіне жол тапқан жайдарманшылар осы жолы немен қуантар екен.