Әлемнің ең ерекше 10 көлі

27585

Көл деген тұйықталып қалған су болғандықтан, ерекше эксперименттік дүниелер, химиялық реакциялар осында жүруі мүмкін. Әлемнің еш жерінен таппайтын аномалдық жайттардың да болуы ықтимал. Кейбір көлдер төтенше жағдайлар орын алған жердің қалдығы болса, өзгелері өзгеше геологиялық жерде тұрақталған, бұрынғының тарихын бойға сіңірген. Сондай ерекше жағдайларда пайда болған көлдерді назарларыңызға ұсынамыз.

Қайнап жатқан көл

Доминика аралындағы бұл көл – әлемдегі ең ыстық су көзінің бірі. Оған шомылуға  ешкімнің батылы жетпейтін де шығар, әрі бұл мүмкін емес. Көлдің жағасындағы су температурасы 80-90 градусқа дейін жетсе, оның ортасының температурасын анықтау мүмкіндігі әлі жоқ.

Лагуна-Колорадо

Боливиядағы бұл көлдің түсі қанды қызыл. Мұны көлде өсетін қызыл балдырлар себебінен деп ғалымдар түсіндіреді. Бұл көлде фламинго көптеп жүреді.

Плитвиц көлдері

Хорватиядағы бұл көлдер – әлемдегі ең әдемі жерлердің бірі. Оған 16 көл кіреді де, әрқайсысы сарқырамамен немесе үңгірмен байланысқан.

Ньос көлі

Камерундағы бұл көл – әлемдегі ең белгілі атқылайтын көлдердің бірі. Дәл оның астында магма қатпары орналасқан. Дәл сол қабат Ньос көлін көмірқышқыл газымен толтырып, суды көрміқышқылға айналдырады. 1986 жылы көл өте көп мөлшерде көмірқышқыл газын шығарғаннан жақын маңдағы ауылдарға зияны тиген, нақтырақ айтсақ, 1700 адам мен 3500 бас малы тұншығып қалған. Бұл табиғи жағдайдағы шығыны көп оқиға еді. Мұндай жағдай қайталануы мүмкін деген болжам бар.

Арал көлі

Бұрын Арал көлі әлемнің ең ірі көлдерінің бірі болса, бүгінде барлық дерлік жері құрғап қалған шөл іспеттес. Оның аумағында қирап қалған ескі қайықтардың қалдығын да кездестіруге болады. Қазіргі күні бұрынғы көлдің 10%-ын ғана су алып жатыр.

Пич-Лейк

Тринидад аралындағы Пич-Лейк көлі – әлемдегі ең үлкен битумның табиғи көзі. Жергілікті тұрғындар көлдің суы мистикалық күш-қуатқа ие деседі. Пич-Лейктен алынған битум Нью-Йорктың кейбір көшелерін жабуға қолданылған.

Дон-Жуан көлі

1961 жылы Антарктидада ашылған гипергалиндық көл – әлемдегі ең тұзды су. Ондағы тұздар судың 40 пайызын алып жатыр. Бұл мөлшердің көп болғанынан оңтүстік полюске жақын орналасса да, ешқашан қатпайды екен.

Тааль көлі

Филиппин аралдық мемлекетінде орналасқан Тааль көлі де ерекше. Қызығы көлдің ортасында Жанартау атты арал бар. Ал Жанартау аралында тағы бір көл екен. Осы барлық комплекс әлем бойынша аралда орналасқан үлкен көлімен, оның ішіндегі көлі бар аралмен танымал. Жаңылтпаш осымен аяқталмайды екен. Жанартау аралындағы көлде Жанартау-Пойнт деп аталатын тағы бір арал бар. Түсіне алдыңыз ба?

Балқаш көлі

Қазақстандағы бұл көл – әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі. Оның ерекшелігі – жарты бөлігі тұзды су, ал келесі жартысы тұщы су болуында. Бұл екі бөлік арасындағы тепе-теңдікті ортасында орналасқан 3,5 км-лік жер бөлігі арқылы ұстап тұр десек те болады.

Крейтер көлі

Крейтер – Солтүстік Америкадағы ең терең көлдердің бірі. Ол әлемдегі ең таза, ең аз ластанған сулардың көшін бастап тұр.