Жетісу

Жер жәннәті — Жетісу өңірі жаңалықтары. Алматы облысы, Талдықорған жаңалықтары.

«Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалы жыл сайын 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнін кең көлемде атап өтеді. Бұл күні пошта ұжымы қоғам мен мемлекет тарапынан қамқорлыққа мұқтаж қарттарға ерекше назар аударды. Басқосуда қариялардың жекелеген әлеуметтік қажеттіліктері, үлкен кісілерге деген қарым-қатынасты жақсы жаққа өзгерту мәселелері, олардың уақытын тиімді өткізу шарттары...
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті – жер жаннаты Жетісу өлкесіндегі алғашқы, республикадағы 50-ші жоғары оқу орны ретінде 1972 жылғы 25 қазанда Қазақстан КП Орталық комитеті мен Қазақ КСР Министрлер кеңесінің қаулысымен құрылған Талдықорған педагогикалық институтының құқықтық мирасқоры. 1977 жылы институтқа қазақ поэзиясының құлагері Ілияс Жансүгіровтің есімі берілген. Кейіннен 1994...
Құрметті ұлттық ат спорт сүйер қауым!           Сіздерді 2017  жылғы 14 қазан күні Талдықорған  қаласындағы облыстық «Талдықорған» ипподромында өтетін Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Өңірлік мәдениет, дәстүр және құндылықтар» жобасын жүзеге асыру аясында «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында ұлттық ат спорты түрлерінен «Жетісу...
Бүгін Алматы облысында елді мекендерді санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру айлығы басталды. Бұл шара көктемгі-күзгі екіайлық өткізу туралы облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Облыстың 16 аудан, 3 қаласын түгелдей қамтитын бұл айлықтың өту барысын арнайы құрылған жұмыс тобы бақылайтын болады. Айлық барасында елді мекендер тұрғындары мен мекеме-ұйымдар қызметкерлері қурап түскен...
Жуырда Текелі қаласының Туризм және өлкетану балалар мен жасөспірімдер орталығында зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген балалар жетекшілерімен бірге Балқаштың оң жағалауына жасалған ғылыми-зерттеу экспедициясына қатысты. Экспедицияны Алматы облысының туризм басқармасы X-XIII ғасырда өмір сүрген Ағашаяқ, Қарамерген, Ақтам ежелгі қалаларын зерттеу мақсатында ұйымдастырған. Текеліліктерден басқа бұл экспедицияға І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік...
Шыбық қадаса жайқа­ла кететін Талғар топыра­ғында жемістің алпыс атасы өседі десек еш әсірелегендік емес. Осыған орай соңғы жылдары өңірде ауылшаруашы­лы­ғының дәстүрлі емес бағыт­тарын дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Оған кейбір шаруашы­лық­тардың жүзім мен таңқурай өсіріп, мол өнім алып отырғандығы дәлел. Сондай ұжымның бірі – Кеңдала ауылдық округінде орын тепкен «Шульгин» жеке...
Бүгін Талдықорғанда қала күніне орай «Анам және мен» байқауы өтті. Додаға 16 ана мен 16 қыз бала қатысты. Балабақша тәрбиеленушілері мен олардың аналары бірігіп қатысатын дода қала күні қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Басты мақсат ана мен баланың белсенділігін арттырып, балабақша тыныс-тіршілігіне етене араластыру. Анасы мен баласын сахнаға шығарып, олардың...
Талдықорғандықтар сән-салтанатпен қала күнін тойлап жатыр. 172 мыңға жуықтаған шаһар тұрғындарын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бүгінде Талдықорған  қарыштап дамып келе жатқан қала. Соңғы сегіз айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 43,3 млрд теңгеге жетті. Қала экономикасына 29,8 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Облыс орталығында  құрылыс қарқынды. Биылдың...
Бүгін Алматы облысы Шамалған ауылында әлеуметтік әлжуаз топтар санатындағы отбасылар мен мүгедек жандар жаңадан салынған жеке тұрғын үйлердің кілттеріне ие болды. Бұл жеке тұрғын үйлерді «Туған жер» жобасына орай меценат азамат тұрмыс қажытқан отбасыларына жәрдем ретінде өз жеке қаржысына тұрғызған. Тұрғын үй кілттерін осы үйлерді өз қаражатына салған «BN INVEST»...
Бүгін киносүйер қауым «Тақиялы періште» атап кеткен Әлімғазы Райымбеков қария, белгілі тележурналист Бейсен Құранбек, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Карина Горичева лайықты түрде Талдықорғанның Құрметті азаматы қатарын толықтырды. Бұл туралы бүгін «Жастар» саябағында өткен Қала күні мерекесінде белгілі болды. Қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады. Бүгін...