Зимбабве туралы не білесіз?

5196
Zimbabwean wave their national flag during a ceremony marking the 28th anniversary of independence from Britain on April 18, 2008 in Harare. Zimbabwe President Robert Mugabe came out fighting during the ceremony in his first major speech since disputed polls, fending off criticism over his rights record and accusing Britain of stirring up unrest. AFP PHOTO/Desmond Kwande (Photo credit should read DESMOND KWANDE/AFP/Getty Images)

Африка елдерінің арасында тәуелсіздігін ең кеш алған мемлекет – Зимбабведе саяси оқиға болып жатыр. Елді 37 жыл басқарған Роберт  Мугаве  биліктен бейбіт жолмен кететіндігін айтқан. Оның орнына бүгіннен бастап елдің вице-президенті «қолтырауын» деген лақап атқа ие Эммерсон Мнангагва келді.

«Америка саясатының атасы» атанған Мугавеның биліктен кетуінің басты себебі, мемлекет экономикасының төмендеп кетуі. Мемлекеттің  қайыршыланған жағдайына  қарамастан, президенттің жары Грейстің байлыққа қызыққан  ашкөздігі елдің  ызасын тудырады.   Халық 93 жасқа келген президенттің орнына жары Грейс Мугаве билікке  келеді деп қорыққандықтан, саяси шеруге шығып, басшының өз еркімен биліктен кетуін талап еткен. Ойлағандары орындалған Зимбабвеліктер мемлекет астанасы Харареде қуаныштарын  тойлады.

Айтпақшы, Зимбабве Англияның  құрамында болып, тәуелсіздігін алғанға дейін Африка елдерінің ішіндегі ең дамыған мемлекеттің  бірі болатын.  Және мемлекеттің  одан өзге де таңғалдыратын ерекшеліктері көп. Оқып көріңіз.

  1.  Елдің алғашқы президентінің есімі – Канаан Банана. Және ол 1982 жылы мемлекетте бананға қатысты әзіл айтуға тыйым салып, заң қабылдайды.
  2. 2009 жылдан бастап мемлекеттің ұлттық валютасы — доллар.
  3. Зимбабведе жыл сайын ең ұсқынсыз ер адамдар арасында  конкурс өтеді. Жеңімпазға  500 доллар  көлемінде сыйақы беріледі екен.
  4. Мемлекет халқының 80%-ы жұмыссыз. Әрбір бес адамның біреуінің ғана тұрақты жұмысы бар.
  5. Жаһанға белгілі Виктория сарқырамасы Зимбабве мен Замбия мемлекеттерінің шекарасында орналасқан.
  6. Халқының жасының орташа ұзақтығы – 40 жас.
  7. Мемлекеттің ұлттық асханалары көкөніс пен жеміс-жидек түрлерін мүлде пайдаланбайды. Есесіне қолтырауын етінен жасалған тағамдар сұранысқа ие.
Бөлісу:
Алдыңғы мақалаКірпік күтімі
Келесі мақалада«Мен» және «Біз» деген егіз кітаптың тұсауы кесілді