Ең ауқатты дәрігерлер

3304

Дәрігер мамандығы аса табысты әрі сыйлы мамандықтардың қатарына жатады. Мәселен, Құрама Штаттарында дәрігерлердің жылдық табысы орташа есеппен $200-400 мың көлемінде. Ендеше дәрігерлер жайында қызық ақпарат бере кетейік.

Әлемнің ең бай 10 дәрігері:

10 орын:

Конрад Мюррей

БАҚ-да тек жақсы жағынан ғана емес, негативті қырынан да танылған. Яғни, бір жағынан, Дәрігер Конрад Мюррей әлем бойынша медициналық қызметтерді тегін көрсетіп, жақсы жағынан танылса, екінші жағынан оны Майкл Джексонның өлімінде кінәлаған. Бұл дәрігер айына $160 000 жалақы алады және жеті баланың әкесі. Дәрігер К. Мюррей табысының көп бөлігін Майкл Джексонге ота жасау кезінде жасап алды.

9 орын:

Дәрігер Джеймс Эндрюс

Танымал жүргізушілер мен эстрада жұлдыздарына ортопедиялық ота жасау арқылы, америкалық хирург Джеймс Эндрюс әлемдегі ең үздік ортопедиялық хирург ретінде танылған. Ол Кэвин Смит, Джон Син, Пол Майкл Леве ` ком және Шон Майклзбен спортпен айналысу барысында алған жарақаттарына байланысты істес болған. Дәрігер Джеймс Эндрюс Alabama Crimson Tide и Washington Redskins сияқты футбол командаларының дәрігері. Сонымен қатар ол Чарльз Баркли, Адриан Петерсон, Майкл Джорданның ең үздік  әрі ең сенімді дәрігері ретінде таңдалған.

8 орын:

Дәрігер Оз

Дәрігер Оз күллі ұрпақ үшін танымал дәрігері есептеледі.

Кеуде хирургі, оған қоса Good Morning America, The View және Today сияқты шоуларда төбе көрсеткен танымал тележүргізуші. Ол медициналық ғылымда 400-ге жуық кітап жазған және көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының авторы. Сонымен қатар, дәрігер Оз Health Corps-тің негізін қалаушы, профессорі және Web-MD сайтының негізін қалаушылардың бірі. Бір адам үшін тым көп қасиеттер, солай емес пе?

7 орын:

Дәрігер Пол Нассиф

Дәрігер Пол Нассиф — әлемдегі ең үздік косметикалық хирург, оның клиенттері тек кеңес алу үшін 6 ай бұрын тіркелетіндей маңызға ие.

Адамдардың келбеттерін ауыстырып, оларға жаңа рең беру үшін әлем шарлап жүрген ринопластика төңірегіндегі күшті маман. Әсіресе, адам бетіндегі әр түрлі бөліктерді коррекциялаудағы кәсібилігімен танымал.

6 орын:

Дәрігер Роберт Рей

Доктор Роберт Рей — Гарвард медициналық мектебінің түлегі, дәрігер, оған қоса өзінің сырт келбетімен танымал.

Дәрігер Роберт Рей (Robert Rey). Роберт Рей — танымал пластикалық хирург, әр түрлі образда Америка телеэкранындарында 100 шақты рет көрінген,  «Dr. 90210». реалити-шоуының қатысушысы. Беверли-Хиллздің ең үздік хирургтарының бірі.

5 орын:

Дәрігер Леонард Хохштейн

Америкалық хирург өзінің адам түрін өзгерте алу әдістерімен танымал.

Дәрігер Леонард Хохштейн — әлемге танымал пластикалық хирург, оның нәтижелі жұмыстарының қатарында бет терісін тазарту, контурлық пластика бар. Бұл дәрігердің көмегімен тіпті көптеген танымалдықтар дене бітімдерін де дұрыстаған. Ол 10000-нан астам сәтті оталардың авторы және Майамидің аса танымал хирургі.

4 орын:

Дәрігер Гэри Майкельсон

Дүниежүзіне танымал омыртқа хирургі, ол ота жасаудағы ерекше әдістерімен танымал. Медицина колледжінің және Темпл Ганеман университетінің түлегі және осы сферада 25 жыл жұмыс жасаған.

Paralyzed Veterans of America премиясының иегері.

3 орын:

Дәрігер Филлип Фрост

Филлип Фрост -Альберта Эйнштейна медицина колледжінің дәрігері. Teva Pharmaceuticals дүниежүзілік фармацевтикалық компаниясының төрағасы.

Ол дерматология саласындағы бірнеше танымал жобаларды жасаған және өзінің жеке фирмасының шығаратын өнімдері арқылы танымал.

2 орын:

Дәрігер Томас Фрист

Hospital Corporation of America-ның иесі болып табылады. Дәрігер Т. Фрист көптеген дүниежілік медицина қауымдастықтарында қызметте болған. Қазіргі уақытта Nashville Community Foundation-ның беделді мүшесі.

1 орын:

Дәрігер Патрик Сун-Шионг

Дүниежүзіндегі ең үздік әрі ең бай дәрігер. Оның бұл жетістігінің сыры: ол сүт безінің қатерлі ісігіне қарсы әсер ететін препаратты ойлап шығарған. Сол себепті де, the American College for Surgeons, Royal College of Canada сияқты беделді ұйымдардың мадақтамасына ие болған. Қазіргі кезде екі фармацевтикалық компанияның иесі.

Авторы: Жантас ҚАЙРАТОВ

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаНобель сыйлығын алмаған танымал жазушылар
Келесі мақалада«Bolashak books»: өзіңнен баста