Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Солтүстікке қоныс аударғандарға көмек көрсетіледі

Жаңалықтар

Солтүстікке қоныс аударғандарға көмек көрсетіледі

Солтүстікке қоныс аударғандарға көмек көрсетіледі

“Nur Otan” партиясы Түркістан облыстық филиалы Елбасының бастамасымен 2015 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан “Еңбек” бағдарламасы бойынша халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын бастады. Мақсат – халықты тығыз қоныстанған оңтүстіктен солтүстікке көшіру жұмыстарын кеңінен насихаттау.

Жиынды “Nur Otan” партиясының Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев ашты.
“Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бастап еліміздің жұмыс күші аз солтүстік өңірлеріне халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан халықты өз еркімен қоныстандырып, оларға қажетті жағдай жасау жұмыстары басталған болатын.

Осы орайда, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы ішкі көші-қон процестерін реттеу және еңбек күші мол аймақтан, еңбек күші жетіспейтін республикамыздың солтүстік өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру жұмыстарын насихаттауды қолға алдық”,- деді Бейсен Тәжібаев.

“Еңбек” бағдарламасы Түркістан облысында 2015 жылдан бері басталып, бүгінгі таңда 881 отбасы, 3377 адам қоныс аударып, мемлекет тарапынан берілетін түрлі әлеуметтік көмектермен қамтамасыз етілген.


Халықты қоныс аударуға ынталандыру мақсатында Солтүстік өңірлердің өкілдері кезең-кезеңімен облысымызда түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, жалпы аталған кезеңде Солтүстік өңірлерден 10 жұмысшы тобы, 173 кәсіпкерлер мен жұмыс берушілері халықпен кездесу өткізуде.

Сонымен қатар солтүстік, шығыс өңірлеріндегі бос жұмыс орындары туралы мәлімет ай сайын алынып, аудандық, қалалық жұмыспен қамту орталықтарының базалық мәліметтеріне енгізіліп тұрады. Тек осы жылдың І тоқсанында 3 мыңға жуық жұмыс орындары ұсынылды.

2018 жылға республика бойынша бөлінген 1706 квота негізінде облысымыздан 455 отбасы, 1768 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударып, квотамен, көшу үшін берілетін субсидиямен қамтамасыз етілуде.

Облыстағы қоныс аударушылардың басым бөлігі Сарыағаш (91 отбасы), Сайрам (63 отбасы), Мақтарал (75отбасы), Ордабасы (49отбасы) аудандарының үлесінде.

2019 жылға жоспар бойынша облыстан 427 отбасы, 1608 адам көшіру жоспарда бар. Қазіргі таңда 284 отбасы, 911 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударды.

2019 жылдың 1тамызына Түркістан облысынан
Оның ішінде:
-27 отбасы,112 адам Қостанай облысына;
– 54 отбасы, 104 адам Шығыс Қазақстан облысына;
-147 отбасы, 415 адам Солтүстік Қазақстан облысына ;
-56 отбасы, 280 адам Павлодар облысына қоныс аударды.
Айта кетейік, «Еңбек» бағдарламасына қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК (88375 тенге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.

Бүгінгі таңға дейін қоныс аударғандардың басым бөлігі тұрғын үймен, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамтылды.Өз кәсібін ашамын деушілерге егін , мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттар ұсынылды. Көшіп-қонуға байланысты мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмектермен (қаржылай көмектер) барған азаматтар қамтамасыз етілуде.

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

yvision.kz
Жоғары