Пятница, 22 ноября, 2024
No menu items!

Қой еті — 2987 тг, жылқы еті — 3015 тг: Ет бағасы қымбат өңірлер аталды

Басқа ақпараттар

2022 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша сүйекті сиыр етінің орташа бөлшек сауда бағасы Қазақстан бойынша бір кг үшін 2236 тг болып, қой еті бір кг үшін – 2418 тг дейін, ал жылқы еті – бір кг үшін 2603 тг дейін қымбаттады. Ал тауық еті қаңтар айының соңында бір кг үшін 1075 тг болды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

ҚР қалалары арасында ет пен құс етінің ең жоғары бағасы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында белгіленді.

Елордада сиыр етіне (2506 тг), қой етіне (2987 тг), жылқы етіне (3015 тг) және тауыққа (1208 тг) ең жоғары бағалар тіркелген.

Алматыда сиыр етіне (2325 тг), қой етіне (2920 тг), шошқа етіне (2060 тг) және жылқы етіне (2939 тг) ең жоғары баға белгіленген.

Жалпы, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ет пен құс етінің бағасы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,6%-ке өсті. Бір жыл бұрын сектордағы бағаның өсуі 12,7%-ті құрады.

Өткен жылы ет пен құс етінің бағасы Маңғыстау облысында бірден 14%-ке өсті.

Шымкент пен Түркістан облысында да елеулі өсім байқалды – тиісінше 11,8% және 11,3%. Алматы мен елордада ет пен құс еті тиісінше 8%-ке және 8,2%-ке қымбаттады, ал бағаның төмен өсімі Қызылорда (5,4%-ке), Солтүстік Қазақстан (5,6%) және Қостанай (5,9%) облыстарында байқалды.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img