СҚО-да жастарды жұмыспен қамтуға арналған қос жоба бар. Олар: «Жастар тәжірибесі» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобалары. Соңғы аталғаны 2 жыл бұрын іске қосылған. Бастама аясында оқуды тәмамдаған қыз-жігіттер өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасып, білікті мамандардың нұсқауымен 18 ай бойы тәжірибе жинақтайды. Осылай ары қарай істерін жалғастырып әкете береді. Жобаға қатысқан жандарға төленетін жалақы көлемі былтыр 58 мың теңге болған екен. Биыл бұл сома өсті.
СҚО муниципалдық телеарнасының мәліметіне сүйенсек, биыл «Жастар тәжірибесі» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысушыларға төленетін жалақы 30 АЕК-ке дейін өсті. Енді қыз-жігіттердің айлық еңбекақысы 91 мың теңге болады. Аталған қос жобаға қатысу мерзімдері де ұзарды. Мемлекеттік қолдау аясында жұмысқа орналасқан жандар 12 айдан 1,5 жылдың көлемінде әрі жұмыс істеп, әрі тәжірибе жинақтайды.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің бас маманы Әсел Дәулетованың сөзінше былтыр 80-ге жуық жас мемлекетік бағдарламаның шарапатын көрген. Олар түрлі өндіріс ошақтары мен мемлекеттік мекемелерге қызметке орналасыпты. Аға буын өкілдері де назардан тыс қалмайды.