Пятница, 13 декабря, 2024
No menu items!

Тұңғыш рет елордада «Астана дарыны 2017» байқауы ұйымдастырылды

Басқа ақпараттар

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен тұңғыш рет елордада «Астана дарыны 2017» байқауы ұйымдастырылып, Бейбітшілік және келісім сарайында оның жеңімпаздарын марапаттау кеші өтті. Кеште Төреғали Төрәлі, Марат Омаров, Ерлан Малаев, Жаңабай Өтегенов, Шахризат Сейдахмет сынды әншілер және «Бастау тобы» мен ағайынды «Жүгінісовтер» өнер көрсетті.

Байқау 16 номинация бойынша өткізіліп, оған 200-ге жуық қатысушылар қатысты. «Астана дарыны 2017» жеңімпаздары «Қоғамдық қызмет», «Өндірістің үздік жұмысшысы», «ғылым», «шығармашылық және өнер», «журналистика», «эстрада», «жыл волонтері», «ерлігі үшін», «үздік мемлекеттік қызметкер», «әлеуметтік саланың үздік қызметкері», «үздік жастар ұйымы», «жас кәсіпкер», «театр және кино», «жыл студенті», «журналистика» секілді номинацияларда дипломдармен, ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Ал Астана дарындарын Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов, ҚР Мемлекеттік қызметтік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының орынбасары Жазира Жылқышиева, олимпиада чемпионы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сапиев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшесі Саят Батпенов, актриса, продюсер Құралай Анарбекова, «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Есен Елеукен, белгілі журналист Әуесбай Қанат, танымал тележүргізуші Сәнді Сұлтан, «Қазақ аруы-2016» байқауының жеңімпазы Альмира Ахатова және өзге де белгілі тұлғалар марапаттап, оларға шығармашылық табыс пен таусылмас шабыт тіледі.

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз