Басты бет Спорт FIFA: Ресей әлем чемпионатына қатыса алмайтын алғашқы ел ме?

FIFA: Ресей әлем чемпионатына қатыса алмайтын алғашқы ел ме?

Кеше FIFA қауымдастығы 2022 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне Ресейдің ойнауына тыйым салды.

БҰҒАН ДЕЙІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСПАҒАН МЕМЛЕКЕТТЕР:

🇬🇧ҰЛЫБРИТАНИЯ. 1928 жылы Ұлыбритания FIFA-мен қаржылық мәселеге өзара келісімге келе алмай, FIFA-дан шықты. Салдарынан Ұлыбритания 1930, 1934, 1938 жылдары әлем чемпионатына қатыспады.

🇺🇾УРУГВАЙ. 1934 жылы өткен әлем чемпионатында Уругвай құрамасы Еуропа елдеріне бойкот (1930 жылы Уругвайда өткен ӘЧ-на көптеген Еуропа елдері қатыспады) жариялап, қатыспады.

🇦🇹АУСТРИЯ. 1938 жылы өткен әлем чемпионатына Аустрия құрамасы жолдама алған еді. Бірақ Германия Аустрияны басып алған соң, Аустрия әлем чемпионатынан бас тартты.

🇺🇾🇦🇷УРУГВАЙ ЖӘНЕ АРГЕНТИНА. 1938 жылы әлем чемпионаты тағы да Еуропада өтетіндіктен, қос құрама бойкот жариялады.

🇮🇳ҮНДІСТАН. 1948 жылы өткен Олимпиадада үнділік футболшылар жалаң аяқ доп теуіп еді. Бірақ FIFA қауымдастығы 1950 жылы өткен әлем чемпионатында үнділіктерге жалаң аяқ ойнауға тыйым салды. Үндістан осыған байланысты және қаржылық мәселемен чемпионаттан бас тартты.

🇹🇷🇨🇵ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ФРАНЦИЯ. 1950 жылы өткен әлем чемпионатында қос құрама баратын ақшамыз жоқ деп, финалдық кезеңге қатыспады.

🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿ШОТЛАНДИЯ. 1950 жылы әлем чемпионаты басталмас бұрын, Шотландия құрамасы егер іріктеу кезеңінде 1-орын алсақ қана әлемдік додаға барамыз деді. Бірақ Англия 1-орын алып, Шотландия 2-орынға жайғасты. Шотландия әлем чемпионатына барар жолдаманы жеңіп алса да, іріктеуде 1-орын алмағаны үшін, бармады.

🇹🇷🇮🇩🇸🇩ТҮРКИЯ, ИНДОНЕЗИЯ, СУДАН. 1958 жылы өткен әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде 3 құрама Израильмен бір топқа түсті. Салдарынан 3 құрама Израильмен ойнаудан бас тартып, жарыстан шықты.

АФРИКАНЫҢ 31 МЕМЛЕКЕТІ. FIFA қауымдастығы 1966 жылы өткен әлем чемпионатында Африка құрлығына тікелей жолдама бермеді. Африка, Азия, Океания құрлығын біріктіріп, 3 ғана жолдама берілді. Осы себеп, Африканың мемлекеттерінің бойкот жариялауына жеткілікті болды.

☭КСРО. 1974 жылы өткен әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде КСРО құрамасы Чилиге (мемлекеттік төңкеріс) барудан бас тартты.

🇳🇱ЙОХАН КРОЙФ. 1978 жылы өткен әлем чемпионатына Нидерланды құрамасының үздік ойыншысы Йохан Кройф өз елінің саяси билігіне көңілі толмай, қатысудан бас тартты.

🇨🇴КОЛУМБИЯ. Колумбия құрамасы 1986 жылы өткен әлем чемпионатын өз жерінде қабылдауы керек еді. Бірақ FIFA әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысатын құраманың санын 16-дан 24-ке көтерді. Салдарынан Колумбия бас тартты.

🇨🇱ЧИЛИ. 1990 жылы өткен әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Чили (Бразилияға қарсы) құрамасының қақпашысы Роберто Рохас жанкүйерлер лақтырған отшашудан зардап шектім деп, ойнаудан бас тартты. Кейін видеоны тексере келе, қақпашы отшашудан зардап шекпегені (қолғабына алмас тығып, басын әдейі жарақаттаған) анықталып, Чили 1990, 1994 жылдары өткен әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысудан шеттетілді.

🇲🇽МЕКСИКА. 1990 жылы өткен әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 18 жасқа толмаған ойыншыны шығарғаны үшін, шеттетілді.

ЮГОСЛАВИЯ. 1994 жылы өткен әлем чемпионатына ішкі соғысына байланысты қатыстырылмады.

Exit mobile version