Спорт

Көкпардан Қазақстан чемпионатының топтық кезең ойындары аяқталды

Алматы облысы, Талғар ауданы, 20 тамыз 2025 жыл Көкпардан жасөспірімдер арасында ХІІІ Қазақстан чемпионатының топтық кезең ойындары аяқталып, жартылай финалға шыққан командалар анықталды. Жарыс 2008-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өтіп жатыр. Дүбірлі додаға Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан,...

ҚР ТСМ келісімімен СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына ұсынылған Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықовтың кандидатурасына келісім берді. Министрліктің келісімі негізінде Әділхан Сағындықов басқарма басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Оның спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті...

Милан Олимпиадасының үміті: Евгений Кошкин конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңін табысты аяқтады

Нидерландтың Херенвен қаласында өткен конькимен жүгіруден Әлем кубогінің шешуші кезеңінде ұлттық құрама мүшесі Евгений Кошкин 500 метрге жарыста мәре сызығын 34,46 секундта кесіп өтіп, алтын медаль жеңіп алды. Бұл – отандасымыздың биылғы Әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған үшінші жүлдесі. Жер-жаһанның...

ҚР Туризм және спорт министрлігі: Қысқы Азия ойындарының қорытындысы және Олимпиадаға дайындық

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен Харбинде өткенIX қысқы Азия ойындарының қорытындысы және Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға дайындығы бойынша кеңес өтті. Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бірнеше спорт түрінен сәтті өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте...

Хәкім Зиеш ат басын Катарға бұрады

31 жастағы ойыншы «Әл-Духаил» сапына ауысуға жақын. Катардағы бір жылда алатын жалақысы шамамен 7,5 млн еуроны құрайды екен. Сондай-ақ бонустары да бар. Зиеш «Галатасарайдағы» соңғы матчын 2024 жылдың желтоқсанында өткізген еді. Содан бері алаңға шықпады

«Ливерпуль» Эйндховенге негізгі құрамын апармады

Мына ойыншылар бүгінгі ПСВ-ға қарсы матчты өткізіп жібереді: ▪️Мұхамед Салах ▪️Трент Александер-Арнольд ▪️Алиссон ▪️Ибраима Конате ▪️Вирджил ван Дейк ▪️Райан Гравенберх ▪️Алексис Макаллистер ▪️Доминик Собослаи ▪️Луис Диас ▪️Джо Гомес ▪️Диогу Жота ▪️Кертис Джонс Жеңіске жете ала ма?

Ербол Мырзабосынов Швеция Елшісімен екі жақты ынтымақтастықты талқылады

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ева Пуланомен кездесіп, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық әлеуетін талқылады. ⚡️Кездесуде тараптар қысқы спорт түрлерін дамыту, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу және спортшылар арасында тәжірибе алмасу...

Ербол Мырзабосынов Халықаралық су спорты түрлері федерациясының президентімен кездесті

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық су спорты федерациясының президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті. Тараптар су спорты түрлерін насихаттап, дамытудың өзекті мәселелерін, аталған спорт түрінің адам денсаулығына оң әсерін талқылады. Бұл саладағы басым бағыттардың бірі – халықты жүзуге үйрету....

Черчесов қызметінен кетеді

Футболдан Қазақстан 🇰🇿 ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2 еуропалық маманның кандидатурасы ұсынылған. Қазір 👨‍🎓заңгерлер Станислав Черчесовтың келісім-шартын ✍️қалай үзсек деп зерттеп жатыр.

Молдовалық маман «Ордабасының» тізгінін ұстады

Андрей Мартин – «Ордабасы» клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды. Молдова маманы клубпен келісімшартқа отыру үшін бүгін Шымкентке келді. Бұған дейін Андрей Михайлович «Петрокуб» командасында жұмыс істеді. 23/24 маусымында Молдова чемпионаты мен Молдова Кубогын жеңіп алып, клубты УЕФА Конференциялар лигасының...
- Advertisement -spot_img

Latest News

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...
- Advertisement -spot_img