Спорт

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Шорт-трек: Қытай астанасы Бейжіңде өткен World Tour кезеңінде Қазақстан әйелдер командасы эстафетада қола жүлде жеңіп алды. Ел намысын Малика Ермек, Алина Ажғалиева, Яна Хан мен Ольга Тихонова қорғады. Бұл - эстафетадан әйелдер құрамасының әлемдік турда жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Конькимен...

Абай облысында «Batyr bolamyn» жобасы жүзеге асырылуда

Аягөз ауданына қарасты Тарбағатай ауылында «Batyr Bolamyn» қорының бастамасымен және «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен балаларға арналған шағын спорт кешені ашылды. Бұл кешен шалғай ауылдарда спортты дамытуға бағытталған ірі жобалардың бірі болып табылады. «Batyr Bolamyn» қоры бүгінге дейін 70-тен астам спорт...

Бүгін Азия чемпионатының шаршы алаңында ширек финал

6 желтоқсан күні ширек финалдық жекпе жектер аяқталады. Азия чемпионатының шаршы алаңында: 4. Санжар Тәшкенбай 48 келі 5. Сәкен Бибосынов 51 келі 9. Махмұд Сабырхан 54 келі 15. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 63.5 келі 18. Сағындық Тоғамбай 92 келі Басталуы: 12:00 Тікелей эфир: ASBC youtube

Бокстан АЧ: бейсенбі күні Қазақстан намысын 6 спортшы қорғайды

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтыншы жарыс күні Қазақстаннан 6 спортшы рингке шығады. Жекпе-жектер әдеттегідей сағат 12.00-де басталады. Алдымен екінші жұпта Оразбек Асылқұлов (57 кг) ширек финалда таиландтық Фануват Чуджанатпен қолғап түйістіреді. Жетінші жұпта...

Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. Абылайхан 71 келіге дейінгі салмақта түркменстандық Байрамдурды Нұрмұхамедовпен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жек отандасымыздың айқын басымдылығымен өтті. Үшінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберді....

Маңғыстаулық әлем чемпионы жеңісі үшін сыйға алған 1 миллион теңгені балалар үйіне берді

Әмбабап жекпе-жектен әлем чемпионы болған Нұрсұлтан Жұбатқан жеңісі үшін алған сыйақысын балалар үйіне қайырымдылыққа жұмсады. Ол бұл ісі арқылы балаларға қуаныш сыйлағысы келген.  – Бұл қаражат балалардың жақсы білім алуына, денсаулықтарын жақсартуға және болашақта өз орнын табуларына көмек болады деген...

Азия чемпионатында Дулат Бекбауов малайзиялық боксшыны нокаутпен жеңді

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты. Дулат ¼ финалда 67 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Ариф Айман Мухаммадпен шеберлік байқасты. Бірінші раундта төрешілер түгелдей жеңісті қазақстандық боксшыға берді – 5:0....

Бокстан Азия чемпионаты: Диас Молжігітов жартылай финалға жолдама алды

 Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Диас Молжігітов жартылай финалға жолдама алды. Қазақстандық боксшы 75 келіге дейінгі салмақта ширек финалда жапониялық Дайга Сунагамен жұдырықтасуы тиіс болатын. Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, жапон спортшысының шаршы...

Бокстан Азия чемпионаты: бесінші жарыс күні кімдерге сенім артамыз

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында бесінші жарыс күні Қазақстаннан бес спортшы бақ сынайды. Әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта екінші жекпе-жегін өткізеді. Рингке екінші жұпта шығатын Дулат...

Тимур «Акула» Серікұлы Семей қаласында өтетін Naiza 70 турнирінде өнер көрсетеді

Оның қарсыласы корейлік Ли Се Кун болады (5-4). Корей спортшысы өзінің соңғы жекпе-жегін Naiza-да Нұрбек Қабдрахмановқа қарсы өткізіп, үшінші раундта жеңіліп қалды. Турнир 21 желтоқсанда өтеді.
- Advertisement -spot_img

Latest News

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...
- Advertisement -spot_img