Атырау қаласы полициясының экс-басшысы қамауға алынды

Басқа ақпараттар

Ішкі істер министрлігі жүргізген жоспарлы қызметтік тексеріс барысында Атырау қаласы Полиция басқармасының бастығы тарапынан заңға қайшы әрекеттер анықталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Jas.kz QOGAMnews телеграм каналына сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

ІІМ мәліметінше, Бақытбек Исаев ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Министрлік бұл шешімдер қызметтік тәртіп пен заң талаптарын бұзған кез келген тұлғаға, лауазымына қарамастан, жауапкершіліктің бұлтартпас болуын қамтамасыз етуге бағытталған қағидат аясында қабылданғанын атап өтті.

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз