Азия чемпионатында Дулат Бекбауов малайзиялық боксшыны нокаутпен жеңді

Басқа ақпараттар

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты.

Дулат ¼ финалда 67 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Ариф Айман Мухаммадпен шеберлік байқасты.

Бірінші раундта төрешілер түгелдей жеңісті қазақстандық боксшыға берді – 5:0. Екінші кезеңде Дулат қарсыласын нокдаунға жіберді. Үшінші раундта рефери тағы бір нокдаун ашып, жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Дулат Бекбауов жартылай финалға жолдама алып, медаль алатын қазақстандықтардың қатарын толықтырды.

Бүгін тағы үш қазақстандық боксшы рингке шығады. Ал Диас Молжігітов жұдырықтаспастан жартылай финалға өтті.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз