«Aqyl Battle CUP» жобасы аясында жарияланған «Креативті команда» сайысы да өз мәресіне жетті. Бұл байқау «Aqyl Battle» мобильді қосымшасын креативті форматта насихаттайтын үздік бейнероликтерді анықтауға бағытталды.
Байқау талаптарына сәйкес, қатысушылар қосымшаның маңыздылығы мен артықшылықтарын сипаттайтын бейнеролик түсіруі керек болатын. Қазылар алқасы бейнероликтердің мазмұнына, сапасына, қаралым санына және қосымшаны дұрыс жеткізе білуіне назар аударды.
Байқау жеңімпаздары:
1 орын — IQMotion
2 орын — Алатау
3 орын — Doss командасы
Барлық жеңімпаздар шын жүректен құттықталып, қатысушы командалардың бейнероликтері жобаның ресми TikTok парақшасына жүктелді.
Айта кету керек, «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Ал «Aqyl Battle CUP» зияткерлік сайысы мемлекеттік тілдегі білім, логика және шығармашылықты ұштастырған ауқымды жастар алаңына айналып келеді.