Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі белгілі. Лимон С дәрумені мен калийге өте бай. Ол жүйке жүйесі мен мидың қызметін жақсартып, қан қысымын қалыпқа келтіреді.
Сонымен бірге лимонның сөлі шипалы әрі косметикалық мақсатқа да кеңінен қолданылады. Тұмауға, баспаға қарсы ем ретінде халық арасында көптеп пайдаланылады.
Керек кеңестер қатарына қоса отырыңыз, басыңыз ауырып тұрса, ащы кофеге лимон шырынын тамызып ішкен жөн. Тістің еті қанталап, ісініп тұрса, оны лимон қабығымен ысқылап, массаж жасау керек.Тырнақтар икемділік пен қаттылықты жоғалтпау үшін, оларға лимон шырыны мен май қоспасын жиі жағу керек.
Лимон қосылған судың ағзамызға өте пайдалы. Оны дайындау жолы да өте қарапайым. Күнде 3литр суға 1 лимонды тілімдерге турап және оған бал қосып үзбей ішсеңіз нәтижесін көресіз. Асқазаныңызды емдей отырып, бетіңіздегі безеу, қара дақтарды ұмытасыз.Теріңіздің тартымды болуына септігін тигізеді. Лимон құрамындағы С дәрумені ағзаның ішінен теріні жасартады. Сол себепті лимон қосылған су ішу арқылы сіз көпке дейін қарттықты ұмытасыз.
Авторы: Сәулет Ибрагимқызы