Күзгі санитарлық айлық басталды

1997
?????????????????????????????????????????????????????????

Бүгін Алматы облысында елді мекендерді санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру айлығы басталды. Бұл шара көктемгі-күзгі екіайлық өткізу туралы облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Облыстың 16 аудан, 3 қаласын түгелдей қамтитын бұл айлықтың өту барысын арнайы құрылған жұмыс тобы бақылайтын болады.

Айлық барасында елді мекендер тұрғындары мен мекеме-ұйымдар қызметкерлері қурап түскен жапырақтарды жинап, ғимараттар қасбетін, қоршауы мен шарбақтарын, аула сыртын ретке келтіріп, айналаны күл-қоқыстан тазартпақ. Оған қоса бұл істерге тиісті құрал-жабдықтар мен арнайы техникалар да тартылатын болады.