Жайдарман: Нұр-Сұлтан қалалық біріншілігі «Маусымашар-2019» фестивалі өтті

1109

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының  қолдауымен «Нұр-Сұлтан  қалалық  Жайдарман біріншілігі» өз  бастауын алды. Маусымашар  фестивалі 30 қыркүйек күні  Нұр-Сұлтан  қаласы,  Жастар  сарайында өтті. Ойынды Нұр-Сұлтан  қаласы  Жайдарман ойындарының  директоры Жүсіпжан Жамаш жүргізді. Фестивалге  қатысуға 40-тан  аса команда  өтініш білдірді,  оның  15-і  маусымашардың  гала-концертіне  жолдама алды. 18  командаға қалалық  чемпионатқа қатысуға жолдама  берілді. Командалардың жас  айырмашылықтары алшақ  емес. Қатысушылардың  барлығы  дерлік университет, колледж  студенттері. Сонымен  қатар, 15  команданың біреуі  мектеп  оқушыларынан  құралған. Ойынға қатысқан командалар:

1)       Өзіміз ғой – Медициналық-техникалық колледж

2)       Хаки – Қаржы академиясының колледжі

3)       Сүйкімді — №42 орта мектеп

4)       Екінші құрама – Қазақ Технология және Бизнес университеті

5)       Астра  – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

6)       Неғылса — не қылатындар — Медициналық-техникалық колледж

7)       Элита — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

8)       Дастан  — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

9)       МУА – Астана Медициналық университеті

10)     Алдаркөсенің дәптері – Қаржы академиясы

11)     Ва Банк — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

12)     Бәсеке – Қазақ Экономика, Қаржы және Халықаралық университеті

13)     Грация — Қазақ Технология және Бизнес университеті

14)     Шабыт – Қазақ Ұлттық Өнер университеті

15)     Евразиат — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Ойынға  қонақ  ретінде  үздік  жайдарман  командаларының  мүшелері, өнер  иелері, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму  істері  басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы  Бақытжан Жүнісбеков,  «Қазақстан КВН Одағының» президенті Есен Елеукен келді. Қатысушы командалардың  ойынына баға  беріп, өз  жылы лебіздерін  білдірді.

Нұр-Сұлтан  қалалық  Жайдарман  біріншілігінің  маусымашар  фестивалі  өз  деңгейінде  өтті. Жастар  сарайының  іші көрерменге толып, 3  сағат бойы тапжылмай  ойынды  тамашалады.  Барлық  15  команда сәлемдесу  шарты  бойынша  өз  өнерлерін  ортаға  салды.  Қатысушы құрамалардың  барлығына арнайы  дипломдар табыс етілді. Фестивалдің  соңы жайдарманшы Шыңғыс Қожабековтің орындауындағы  «Жайдарман әлемі» әнімен  аяқталды.